• kk
  • ru
  • en
  • Имантау көліндег арал

    Айғаным қонысы

    Сырымбет мекені орта жүз ханы Уәли Абылайханның жесір әйелі, Шоқан Уәлихановтың әжесінің тұрақты қыстауы болған (күз 1822 жылы), қоныс 19 ғасырдың жиырмасыншы жылдарында пайда болды.Қоныстың архитектуралық кейпі 19 ғасыр бойы қалыптасып келді. Оның құрамына шаруашылық құрылыстары бар тұрғын үй, қызметшілер үйі кіреді, қасында мешіт пен медресе орналасқан. Айғаным қонысы МҰ МҰТП Көкшетау Айыртау филиалында орналасқан.

    Ботай мәдениеті

    Ескерткіш 15 га алаңды алып жатыр. Ботай мәдениеті ежелгі адамның алғаш рет жылқыны қолға үйреткендігімен әлемге әйгілі. Бұл мәдениеттің өмір сүру уақытты б.ғ.д. V-IV ғасырларда өтті. Зерттеулердің тарихи маңызы – жылқыны алғаш қолға үйретудің жер жүзінде ең басты орталығы Қазақстан болып саналуында.

    Ботай әлемдегі – ертедегі Еуразия жылқы өсірушілерінің ғажайып қонысы.

    Мұнда 60 000 сүйек пен тастан жасалған бұйымдар, тастан жасалған балталар мен пышақтар, жебе және найза ұштары, сүйектен жасалған инелер, қыштан жасалған ыдыстар және т.б. табылды.

    Тастан, ағаштан және балшықтан жасалған ботайлықтардың қонысы дөңгелек пішінге не болған.

    Жоғары жақтан түтін шығатын, қазақтардың киіз үйлеріне ұқсас. Ботай қонысын тамашалаған кезде, ежелгі адамдардың қоңыстанған орнынан археологиялық қазбаларды кездестіреміз. Археологиялық Ботай ескерткіші ЮНЕСКО қорғауына алынды. Еуразияның дала және орманды дала ендігінің тұрақты мәселесін өңдеуде Ботай ескерткіші әлемдік маңызға ие екені мәлім.

    Әдебиет және өнер мұражайы

    Көкшетауда әдебиет және өнер мұражайы бар. Бұл мекеме тәуелсіздік алған жылдары ашылған. Мұражай фольклор және ежелгі әдебиет, қазіргі әдебиет, өнер, қор бойынша ғылыми зерттеу жұмыстарымен айналысады. Қазір мұнда қазақтың ежелгі тұрмыс салтынан сыр шертетін 9 мыңға жуық мұрағат бар. Олардың ішінен араб және шағатай тілдерінде жазылған жүзден астам құран кітабын, 5 ғасырлық тарихы бар Қанай бидің саптаяғын, Ақан серінің адалбақанын, көне домбыраларды, зергерлік бұйымдарды және өзге де қазақтың тұрмыстық құрал-жабдықтарын көруге болады. Е.Мырзахметов, С.Жунусов, К.Салыков, И.Салахов, Б.Канапьянов және т.б. жазушылардың тұрмыс және этнография заттары, олардың жеке заттары, фотосуреттер, құжаттар, қолжазбалар және колтаңбасы бар кітаптар бар. Мұражай мекенжайы: Көкшетау қ., Сәтпаев көш., 7.