Әдебиет және өнер мұражайы

Көкшетауда әдебиет және өнер мұражайы бар. Бұл мекеме тәуелсіздік алған жылдары ашылған. Мұражай фольклор және ежелгі әдебиет, қазіргі әдебиет, өнер, қор бойынша ғылыми зерттеу жұмыстарымен айналысады. Қазір мұнда қазақтың ежелгі тұрмыс салтынан сыр шертетін 9 мыңға жуық мұрағат бар. Олардың ішінен араб және шағатай тілдерінде жазылған жүзден астам құран кітабын, 5 ғасырлық тарихы бар Қанай бидің саптаяғын, Ақан серінің адалбақанын, көне домбыраларды, зергерлік бұйымдарды және өзге де қазақтың тұрмыстық құрал-жабдықтарын көруге болады. Е.Мырзахметов, С.Жунусов, К.Салыков, И.Салахов, Б.Канапьянов және т.б. жазушылардың тұрмыс және этнография заттары, олардың жеке заттары, фотосуреттер, құжаттар, қолжазбалар және колтаңбасы бар кітаптар бар. Мұражай мекенжайы: Көкшетау қ., Сәтпаев көш., 7.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *