Степногорск тарихи-өлкетану мұражайы

Степногорск тарихи-өлкетану мұражайы. 1994 ж. Целинный тау кен-химия комбинатының Еңбек Даңқы залының негізінде құрылған. Экспозиция залдарында өнеркәсіптік жас қала – Степногорскнің тарихы, өлкенің ежелгі тарихы (15 ғ-ға жататын Шондын қорасы-1 және Шондын қорасы-11 қабірлерінен табылған артефактар), өсімдіктер және жануарлар әлемінен жәдігерлер қойылған. Фалеристика, Қазақстанның түрлі-түсті тастары, нумизматиканың бай топтамалары көрме жасауға негіз болды. Мұражай Новосібір қ-ндағы Рерих қоғамымен тығыз байланыста. Осы ынтымақтастық байланыстың нәтижесінде Н.К. Рерих шығармалары көшірмесінің көрмесі ұйымдастырылып, осы көрмеге қойылған шығармалардың бір бөлігі мұражай қорына берілді. Мұражай қорында 7349 жәдігер сақталады.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *