Бурабай курорты

Бурабай (орысша – Боровое) – бұл Көкшетау қыраттарының солтүстік-батыс бөлігін алып тұрған жердің атауы. Оны бірнеше үлкен және көптеген кіші көлдер, сондай-ақ орман басқан биік емес таулар құрайды. Ірі гранит массиві мұндағы жауын-шашындардың көп болуы, жазғы температураларының неғұрлым төмен болуы, желден жақсы қорғалғандықтан өзгеше жергілікті микроклимат болғанының себебі. Бурабай әркімнің өз қалағанынша демалуға мүмкіндік береді. Мұнда күні бойы саяжайда жатып, көлде шомылуға болады, болмаса тауға серуендеуге барып немесе түп-түзу жолдармен велосипед мінуге болады. Ешнәрсе істемей-ақ жай ғана қарағайлы ормандардың ауасына сүйсініп, серуендеуге болады. Ал пайдалы мен жағымдыны сабақтастырып, белгілі аурудың емделу курсын өтуге де болады.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *