Ақмол кентіндегі мемориал мен мұражай

Ақмола облысында, қазіргі Астанадан 40 шақырымдай жерде, Ақмол атауына осы күндері ие болған Малиновка ауылының аумағында, жаппай саяси қуғын-сүргін жылдары АЛЖИР аталған Ақмола отан сатқындары әйелдерінің лагерінің мұражайы орналасқан. Саяси қуғын-сүргін және тоталитаризм құрбандарының «АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешені 2007 жылғы 31 мамырда «Отанын сатқандар» әйелдерінің Ақмола лагерінің орнында Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың бастамасымен және қатысуымен ашылған. Мұражай қызметі ғылыми-қор жинау, ғылыми-зерттеу, экскурсиялық-көрме бағыттары бойынша жүзеге асырылады.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *